Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі

Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі
Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі облыс жасөспірімдеріне қызмет көрсететін кітапханаларға арналған әдістемелік орталық болып табылады. Оқырмандарға қажетті ақпаратты пайдаланудың жаңа әдістерін, ұлттық және әлемдік мәдени байлықтарды игеруде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бөлім қызметкерлері облыстағы кітапхана қызметкерлерінің озық тәжірибелерін анықтап, зерделейді. Кітапханашылардың біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі теориялық және практикалық семинарлар, аймақтық кеңестер, кәсіби – іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, конкурстар ұйымдастырылады. Іс-сапарларда орталықтандырылған кітапхана жүйелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, баспа және талдау қызметімен айналысады.
Бұқаралық мәдени іс – шараларға әдістемелік-библиографиялық құралдар, сценарийлер, пресс-релиздер дайындайды.Жылына бір рет “жасөспірімдермен жұмыс істейтін кітапхана тәжірибесінен”ОКЖ жылдық есептер жинағын дайындайды. Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің жұмысы кітапхана қызметінде жетекші рөл атқарады, себебі облыс жасөспірімдеріне қызмет көрсететін кітапханаларды басқару бойынша әдістемелік орталық болып табылады.
kkKZ