2022 жылдың 18 наурызы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұлыстыңұлы күні наурыз мерекесіне орай «Наурыз – ұлттың ұлық мерекесі» атты ұлттық мерекелік кеш өткізді.
Мақсаты: Наурыз мейрамының шығу тарихымен таныстыру, қазақ халқының салт – дәстүрлерін насихаттау. Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Шараны Облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Назира Сәрсембайқызы ашып, наурыз мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері 4 топқа бөлініп, сайыс өткізді. Түн, күн, сиыр және барыс тобы. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. 1. Жүргізушінің тапсырмасын орындау. 2. Дәстүрлі ән орындау. 3. Әр топ өз өнерлерін көрсету. Сайысқа қатысушылар барлық тапсырмаларды орындап, өз өнелерін ортаға салды. Халық әндері айтылып, би биленді, көрініс көрсетілді. Сайысқа қатысушыларды әділқазы мүшелері Табылдинова Назира Сәрсембайқызы, кітапхана ардагерлері Тулекова Әлия Кенжеғазықызы, Кенжалы Кемалов әділ бағаларын беріп, қатысушыларды дипломдармен марапаттады. Кеш қызықты өтті.
Кітапхананың жас оқырмандарының назарына наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары туралы кітаптар ұсынылған «Наурыздың жауһаз сырлары» атты кітап көрмесі ұсынылды.