Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Кітап оқып, зейін аш»

2022 жылдың 12 қазаны күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледжінде «Кітап оқып, зейін аш» атты оқырман конференциясын өткізді.

Мақсаты: кітапты насихаттау, балаларды кітап оқуға шақыру, оқитын, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Іс-шараны кітапханашы Айнұр Нұрсайынқызы жүргізіп, шараны 5 бөлімге бөлді.

1. «Білім көзі кітапта». Бұл бөлім сұрақ-жауаптан тұрады.

2. «Ойлан тап». Шатасқан әріптерден сөз құрастыру.

3.«Жасырылды не нәрсе?». Бұл бөлімде жұмбақтар жасырылған.

4.«Қиқар піл» ертегісі.

5.«Көлеңкелі кітап» ертегі терапиясы. Шара барысында балалар берілген тапсырманы қызғушылықпен орындап, сұрақтарға жауап берді.

 «Кітап – ғасыр мұрасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. «Кітаптың 8 пайдасы» атты бейнеролик тамашалап, «Шапағат» клубының жетекшісі Гүлнұр Ергенқызының «Көлеңкелі кітап» жобасы бойынша дайындаған «Шалқан» ертегісін көрді.

KZ