Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Өмірбаяны

Өмірбаяны

Қалдина Гүлжайнар Нәренқызы

1981жылы  туған, ұлты–қазақ, білімі-жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің филология факультетін  бітірген, мамандығы – журналист.

Атқарған қызметтері:

2001 жылы студенттік кезеңнен «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасында авторлық бағдарламалар жүргізушісі

2003 жылы облыстық “Ақтөбе” қоғамдық саяси  газетінде  тілші.

2007 жылы “Керек. инфо” қоғамдық – саяси газетінде редактор орынбасары.

2009 жылы “Төтенше жағдайлар департаменті” “Өрт сөндіру және құтқару” мекемесінде баспасөз хатшысының инспекторы

2010 жылы Ақтөбе облыстық “Алақай” қуыршақ театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі

2015 жылы Н. Байғанин атындағы  Ақтөбе облыстық балалар кітапханасында директор

2016 жылы С. Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында директор.

Жетістіктері:

2003ж. Алматы қаласы – С. Томанов атындағы жыр мүшәйрасы – ІІІ орын

2007ж. Түркістан қаласы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы ақындар мүшәйрасы – ІІ орын.

2007ж. Баянауыл – талантты жастар форумы.

2010ж. Атырау қаласы – Ф. Оңғарсынова атындағы ақын қыздар жыр мүшәйрасы – ІІІ орын.

2008ж. Астана қаласы – Халықаралық “Шабыт” жастар фестивалі дипломанты.

2011ж. Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер фестивалінің лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Тұманбай Молдағалиев атындағы арнайы сыйлығының иегері.

2011ж. Петропавл қаласы – “Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған” атты І өнер фестивалі – ІІ орын иегері.

2012ж. Орал қаласы –  Жаһанша Досмұхамбетовтың 125 жылдығына арналған  республикалық  жазба ақындар мүшәйрасы –   І орын.

2012ж. Астана қаласы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған  «Тәуелсіздік толғауы»  ІІ Республикалық конкурсы «Қырсық  балапан» атты пьесасы  І орын.

2014ж. «Тәуелсіздік толғауы» IV Республикалық конкурсы «Мөлдір арман» атты пьесасы  ІІІ орын.

2017 ж. Алматы қаласында өткен Республикалық  «Ұлт болмысы» әдеби байқауы – І орын

2019 ж. «За особый вклад в книжное дело» төсбелгі иегері

2020 ж. «Қазақстанның құрметті кітапханашысы»- Қазақстандық кітапханалық одақ

2021 ж. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Кітаптары:

1.Мемлекеттік тапсырыспен шыққан кітабы «ӘКЕ ӘЛДИІ». Алматы, Жалын баспасы, 2012 жыл

2.«Үн» Ақтөбе, «Принт» баспасы, 2012 жыл

3.«Ақтөбе кітапханасы» сериясымен 43 том. Ақтөбе, «IDEA ltd» ЖШС