Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Баймолдиннің бедерлі белестері»

2022 жылдың 10 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе педагогикалық колледжінде «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында қазақтың белгілі ақыны Сәбит Баймолдиннің шығармаларына арнап «Баймолдиннің бедерлі белестері» атты әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: ақын Сәбит Баймолдиннің шығармашылығын насихаттау. Жастарды кітап оқуға шақыру.

Биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында ақын Сәбит Баймолдиннің шығармашылығы насихатталуда. Әдеби сағатта кітапхана қызметкері Гүлнұр Ергенқызы ақынның кітаптары туралы айта отырып, оның шығармашылығына талдау жасап, туған жер, табиғат, өлке тынысын насихаттау бағытында шығарылған өлең-жырларына ерекше тоқталды. Колледж студенттері ақынның көптеген жырларын жатқа оқыды. Ойларын ортаға салып, пікірлірімен бөлісті.

«Дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик көрсетілді.

KZ