«Бейбітшілік –ел ұраны» атты тарихи сағат

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 4 тамыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бейбітшілік –ел ұраны» атты тарихи сағат өткізілді. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында өткізілді.

Шараның мақсаты: Ерте кезде жауласушылардың жанжалын тоқтату мақсатында ежелгі дәстүр бойынша әйел ананың басындағы ақ орамал ортаға тасталған. Сондықтан шара барысында ақ орамалдың қадір қасиетін түсіндіру.

Бүгінгі шараға Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті - Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы қонақ ретінде қатысты.

Ақ орамалдың қазақтардың тарихында филасофиялық мағынасы терең. Ақ түс- тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді.

Обновлено 23.08.2016 10:34 Подробнее...
 

Арбаттағы Ашық аспан астындағы кітапхана

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 22 шілде күні сағ. 19.00 де Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта Ақтөбедегі арбаттың ашылуы өтті.

Арбат қалалықтар үшін шығармашылық адамдардың, ақындардың, суретшілердің, авторлық ән орындаушыларының, шеберлердің, кітап сүйер қауымның сүйікті алаңына айналды. Бұл жерде суретшілердің, шеберлердің еңбектерін сатып алуға, тез мезетте портрет салуға, шебер классқа катысуға және кітапханалардың кітап көрмелерін тамашалауға қала конақтарына мүмкіндік мол болды.

Подробнее...
 

«Өміріңді сақтау өз қолыңда, жол тәртібін орында» ақпараттық сағат

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 14 шілде күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Өміріңді сақтау өз қолыңда, жол тәртібін орында» атты ақпараттық сағат өтті.

Мақсаты: жасөспірімдерді өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету.

Обновлено 23.08.2016 10:35 Подробнее...
 

Сенбідегі ашық аспан астындағы жазғы оқу залы

E-mail Печать PDF

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың   16 шілдесі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта қала тұрғындарына және қала қонақтарына, жалпы қалың оқырманға арнап жазғы оқу залын ұйымдастырды.

Обновлено 20.07.2016 11:06 Подробнее...
 

«Өнер тарланы – Ермек Серкебаев» әдеби сағат

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 7 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Әнші (баритон), Қазақстанның халық артисі, ССРО-ның халық әртісіЕрмек Серкебаевтың туғанына 90 жыл толуына арнап «Өнер тарланы - Е.Серкебаев» әдеби сағатөткізілді.

     Шараның мақсаты: Оқырмандарды әншінің шығармашылығымен таныстыру, оның өнегелі шығармалары арқылы адамгершілік, адалдық, махаббат сияқты құндылықтарды жастардың бойына сіңіре отырып тәрбиелеу.

Кеңес Одағының халық әртісі, Қазақ­­­стан­­ның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мем­лекеттік сыйлық­тарының лауреаты, Социа­листік Еңбек Ері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры Ермек Серкебаев 1926 жылы Петропавловск қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болып қызмет атқарып, опералық портреттердің әдемі галереясын жасады. Е. Серкебаев сомдаған образдар арасында ұлы Абайдың тұлғасы,Ер Тарғын және Алпамыс образдары бар. Ол қазақтың вокальды қазіргі замандық музыкасын үздік орындаушысы болды.

Подробнее...
 


Страница 24 из 31

Сайтта отырғандар

Сейчас 83 гостей онлайн