2022 жылдың 20 қазаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе педагогикалық колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай «Байтақ елім – Қазақстан» атты бейнекруйз өткізді.
Мақсаты: Жастарға осы мерекенің тарихымен таныстыру; Еліміздің туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тарихын білуге үйрету.
Іс-шара барысында кітапханашы Айғаным Бекжанқызы биыл 13 жылдан соң 25 қазан Республика күні ретінде қайта бекітілгенін айта отырып, мерекенің тарихи маңызын түсіндірді. Одан әрі қарай студенттерге «Біз қандай елміз?», «Дұрыс немесе бұрыс» деген викториналық ойындарды ойнатып, жастар өздерінің белсенділігін көрсетті. Сонымен қатар өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Байтақ елім – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, көрмеге библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик тамашалады.