Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Білімдіден шыққан сөз»

2022 жылдың 9 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында айтыс ақыны, драматург, жазушы, жыршы-жырау, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлімжановпен «Білімдіден шыққан сөз» атты сұхбат өткізді.

Мақсаты: Баянғали Әлімжановтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сұхбат барысында Баянғали Әлімжановты көрермен әр қырынан тани алды. Сұхбатта ақын төл өнеріміз айтыстың тағдыры, әдебиет әлемі, «Манас жыры» туралы айтып өтті. Сонымен қатар өмірлік тәжірибесінен келтірілген өнегелі естеліктерімен бөлісті. Кітапхана оқырмандары емін-еркін пікір алмасып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Ақынның тұшымды әңгімесінен көрерменнің алған әсері ерекше болды.

«Алаштың алтын көпір жыр жүйрігі» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС