Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Музей имени Саги Жиенбаева

Музей имени Саги Жиенбаева

Музейде ақын Сағи Жиенбаевтың Алматы қаласындағы өзі тұрған үйінен көшіріліп акелінген жеке кітапханасы бар. Музейде ақынның өзі қолданған жазу машинасы, фотошежірелері бар. «Ердім бір сиқыр қаламға» атты өзінің туындыларынан кітап көрмесі жасақталған. Көрмеде ақынның көзі тірісінде шыққан 3 томдық өлеңдер жинағы, «Тарту», «Дала  гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Киік», «Есімде сол бір көктем», «Әлия»,  «Гүлдәурен», «Оймауытым», «Бозторғай», «Іңкәр  дүние»  және  басқа  өмір  туралы,   табиғат   туралы,   өмірдің   өткелең  өрісі  туралы  ой-толғауларға  толы  өлең  кітаптары   топтастырылды. Сонымен қатар музейде өлкемізден шыққан ақын-жазуышыларымыздың әдебиеттері жинақталған.

НАШИ КОНТАКТЫ