Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

“СЫРҒА ТОЛЫ СЫРЛЫ АҚЫН”

2024 жылдың 4 маусым күні сағат 18.00-21.00 аралығында Ақтөбе облысының мәдениет,

архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «КІТАП ФЕСТИВАЛІ – 2024» шарасы аясында лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сырға толы сырлы ақын» әдеби мюзиклін өткізді.

Мақсаты: Қоғамның мәдени құндылықтарын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру. Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау. Оқырмандарды, жастарды кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

Кеш қонақтары:

  • Ақын-драматург, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов;
  • Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова;
  • Облыстық әдістемелік орталығының директоры Гүлайым Мұхамбетсадыққызы Аяпова;
  • Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мейрам Нұрланұлы Дүйсенғали;
  • Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж студенттері мен кітапханашылар, мәдениет саласының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеш Қазақстан Республикасының гимінімен ашылды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі кітап фестивалі Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының әншісі Нұрлан Әбдібектің орындауында Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Ауыл қарттары» әнімен жалғасып, кітапхана қызметкерлері Сағи Жиенбаевтың шығармашылығынан поэзия оқыды. Шара аясында оратор, филология ғылымдарының магистрі  Аманша Ниязовамен «Қисса-дастандар терапиясы» тақырыбында сұхбат өтті. Сондай-ақ, фестиваль шеңберінде ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Байтақ елдің биік ұста байрағын» кітап көрмесі мен «Әшекей бұйымдар әлемі» қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер шеберлері Нұргүл Мұхамбетжановна, Гүлден Жайылханқызы әшекей бұйымдар жасаудың түрлі жолдарын, лайфхакқа толы шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Шара одан әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, «Айсын» ораторлық мектебінің оқушылары ақын С.Жиенбаевтың өлеңдерін оқып, сахналық көрініс қойды. Кітапхана оқырманы Инабат Болатова әсем ән шырқап, көрермендер «Жас айтыскерлер» үйірмесі жас өрендерінің «Ақындық – табиғаттың сыйы» айтысын және «Ер Едіге» жыр мектебінің жыраулық кешін тамашалады. Сонымен қатар, кітапханамыздың салтанат залында Жазушы Мади Раимовтың «Хранитель» кітабы таныстырылып,  сергіту сәтінде кішкентай бүлдіршіндерге арнап «Миға шабуыл» brain ring және «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» интеллектуалды ойыны өткізілді. Шара соңы «STREET PARTY-2024» Street dance studio жастар бірлестігінің заманауи биімен қыза түсіп, қатысушылар «Әсем ән мен тәтті күй» әдеби караокеде ән айтты. Кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, белсенді қатысқан бірқатар жастарға Алғыс хат, сыйлықтар табыстады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС