АҚПАРАТЫ
25 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Табиғатты таза етіп, әлемімді сақтаймын» экологиялық сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты: Жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа деген жаупкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Шара барысында кітапханашы Құдасова Шырайлым табиғатты, қаламызды таза ұстау әр адамның өзінен бастау керектігін, тазалықтың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіріп, мәліметтер берді. Оқырмандар қоршаған ортаның ластануына байланысты өз пікірлерін білдіріп, табиғатты сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, викториналық ойындарға қатысып, экологияға байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысты. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты.