Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мен даланы қалай тұрам жырламай!»

2022 жылдың 31 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында қазақтың белгілі ақыны Сәбит Баймолдиннің шығармаларына арнап «Мен даланы қалай тұрам жырламай!» атты поэзия кешін өткізді.

Мақсаты: «Оқитын өлке» акциясы аясында таңдалып алынған ақын Сәбит Баймолдиннің шығармашылығын насихаттау.

Шараны жүргізген кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы ақынның өмір жолынан ақпараттар айтып, қызы Ләйлә Баймолдинаның естелігінен үзінділер оқыды. Колледждің студенттері Әділ Ағытай, Дамир Құсайынов, Изольда Бейболатова ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Өлкемізден шыққан ақындар мен жазушылардың, белгілі тұлғалардың шығармашылығынан интелектуалдық ойын ойнатылды. Студенттермен кері байланыс есебінде «Kahoot» платформасында викториналық тест және шындық, жалған ойындары ұсынылды. Студенттер ақын жайлы арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Қаламгердің  шығармалары  мен ол туралы жазылған естеліктерден «Мен даламды қалай тұрам жырламай!» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, көрмеге кітапхана қызметкері Айғаным Бекжан библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС