2022 жылдың 20 қыркүйегі күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының мүшелері, «Қазақстанның алтын кітабы» мен «Қазақстанның үздік әйелдері» кітабына енген аналарымызбен «Дәстүрді дәріптеген асыл жандар» атты кездесу кеші өтіп, кітаптың тұсаукесері болды.
Кеш қонақтары: Алтынай Юнисқызы Юнисова – Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы; Шамсия Жакуқызы – медицина саласының құрметті ардагері, жеке кәсіпкер, «Қолөнер шеберлері» байқауының жүлдегері, «Күміс алқа» иегері, аналар кеңесінің мүшесі; Несібелі Сақтағанқызы – Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының құрметті ардагері, жоғары санаттағы құлақ, мұрын дәрігері, ана тілінің жанашыры, қазақ тілі қоғамының белсенді мүшесі, кәсіподақ ұйымының басшысы; Райгүл Ақтөреқызы – ардагер ұстаз-ғалым, Ақтөбе облысында «Туризм және Ақтөбе облысында экотуризмді дамытудың жолдары» атты кітабының, «Экотуризм әкелетін миллиондар» ғылыми еңбектің авторы; Бибігүл Әбдішүкірқызы – «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының гран-при иегері, облыстық сотта отбасылық мәселелермен айналысатын медиатор; Роза Баянқызы – кәсіби экскурсавод, Достық үйінің редактор-методисті, өлкетанушы. «Астана – 1998», «Жыл адамы – 2010», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Халқы Ассамблеясына – 25» медалінің иегері; Баршагүл Омарбекқызы – кітапхана саласының үздік ардагері, мәдениет саласының үздігі, жоғары санатты кітапханашы, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісінің иегері, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Республикалық абысын-ажын» байқауының жүлдегері, Ырғыз аудандық «Дәстүрге жол» жобасының бөлім басшысы.
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жоғалып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырту, жастарға үлгі боларлық ғибраты мол аналарымызды көпшілікке таныстыру.
Кеш барысында «Қазақстанның алтын кітабы» мен «Қазақстанның үздік әйелдері» кітабының тұсау кесер рәсімі өтіп, Қурайлы мәдениет үйінің әншісі Сандуғаш Таубаева мен Элеонора Омарова әсем ән орындады. Ақ жаулықты аналарымыз ұлттық дәстүрлер, ұрпақ тәрбиесінде маңызы зор құндылықтар жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар қонақтар мен оқырмандар арасында салт–дәстүрге байланысты викториналық ойындар ойнатылып, өзара пікір алмастырды. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қорытынды сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
Шара барысында «Салт-дәстүр – асыл қазына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Айнұр Нұрсайынқызы библиографиялық шолу жасады. «Қазақстанның алтын кітабы» мен «Қазақстанның үздік әйелдері» кітабының бейнебаянын тамашалап, слайд көрсетілді. Шараға кітапхана оқырмандары, колледжі студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.