2023 жылдың 17 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облысының әділет департаментінің қызметкерлеріне «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу жолдары туралы пайдалы ақпараттар айтылып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге сергіту сәтінде «Ақпарат» ойыны ойнатылып, ұлы тұлғалардың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер айтылды. Тақырыпқа сай кітап көрмесіжасақталы, кітапхана қызметкерлері Айнұр Нұрсайынқызы мен Лаура Ергенқызы библиографиялық шолу жасады. Кітап көрмесіне адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың тағылымдық тұрғыдағы көркем шығармалары, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес проблемалары туралы кітаптар мен мерзімдік басылым беттеріне жарияланған мақалалар қойылды.