2024 жылдың 11 маусым күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарына «Бақыттың мәні – парасаттылықта» танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мәлімет беру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Кітапхана қызметкері Толғанай Өміржанқызы шара барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық екендігін, оның ел болашағына үлкен зиян тигізетіні жайында мағұлмат берді. Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары тақырып аясында өз ойларын жеткізді.
«Әділ сөйлеп, адал жүр» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Кітап көрмесіне парасаттылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеп, жақсылыққа жетелейтін ақын-жазушылардың көркем шығармалары және мерзімдік басылым беттеріне жарияланған мақалалар қойылды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа байланысты парақшалар таратылды.