Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Oi-Like» блиц ойынының

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырған KITAP time ІІІ жалпы республикалық фестиваль  аясында «Кітапхана ісі» мамандығының 3 курс студенттеріне «Oi-Like» блиц ойынын өткізді.

Мақсаты: Жастардың кітап оқуға қызығушылықтарын ояту, насихаттау. Рухани интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру, рухани білімін арттыру.

Шара барысында қызыққа толы «Кім шапшаң?», «Блиц турнир» түрлі викториналар мен «Білімді мыңды жығар…» интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, жастар бақ сынасты. Сонымен қатар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, әртүрлі тақырыпта ой-пікір алмасты.

Leave a Reply