Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлы халықтың – ұлы ақыны» әдеби-танымдық кештің

2024 жылдың 23 тамыз күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «KTZ Express» Акционерлік қоғамы «КTZE Батыс» филиалымен бірлесе ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Ұлы Халықтың – Ұлы Ақыны» әдеби-танымдық кешін өткізді.

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау.

Іс-шара аясында ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы ақпарат айтылып, арнайы бейнеролик көрсетілді. «КTZE Батыс» филиалынан келген қонақтар Абай өлеңдерін оқып, қара сөздерінің мағынасын ашып, талқылады. Абайдың өміріне қатысты деректерден сауалдар қойылып, айтылған ақпараттар қорытындыланды. Ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне кітапхана қорындағы кітаптар мен баспасөз бетінде жарияланған мақалалар қойылды.

Leave a Reply