Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлы дала тарихындағы Жошы ұлысы» тарихи-танымдық сағатының

2024 жылдың 21 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Жошы ұлысының 800 жылдығына орай кітапхана оқырмандарына «Ұлы дала тарихындағы Жошы ұлысы» тарихи-танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Қазақ тарихында халқымыздың ұлт болып қалыптасуының негізі саналатын Жошы ұлысының тарихын оқырман қауымға таныстыру. 

Шара барысында  ел арасына «Ақсақ құлан», кей жерлерде «Ақсақ құлан, Жошы хан» деп танылған күйдің шығу тарихы баяндалып, кітапхана оқырманы Нұрасыл Ермекбаев күймен жалғады. Сонымен қатар көрермен қауым арасында топтық жарыс ұйымдастырылып «Жошы хан туралы деректер» айдарымен «Кahoot», «Wordwall» сайттарымен онлайн ойындар ұйымдастырылды. Тақырып аясында «Жошы хан – Алтын Орданың атасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қызметкері Диана Бурханова көрмеге библиографиялық шолу жасады.

Leave a Reply