Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлттық идеологияның көшбасшысы Өзбекәлі Жәнібеков» шығармашылық портретінің

2024 жылдың 28 тамыз күні сағат 13.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы кітапхана оқырмандарына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай «Ұлттық идеологияның көшбасшысы Өзбекәлі Жәнібеков» шығармашылық портретін өткізді.

Мақсаты: Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен еңбегін жас ұрпаққа таныстырып, қайраткерлік қасиеттерін, ұлтжандылығын, мәдени мұрамызға деген жанашырлығын насихаттау.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы қазақтың ұлттық мәде­ниетінің өркендеуіне үлес қосқан қайраткер туралы және оның еңбектеріне тоқталды. Кітапхана оқырманы, Марат Оспанов атындағы медицина университетінің студенті Алмас Сәрсенғалиев ұлт мәдениеті жанашырының ғибратты ғұмыр жолдары жөнінде тереңнен ой қозғап, іс-шараның мазмұнын одан әрі байыта түсті. Сонымен қатар оқырмандар Өзбекәлі Жәнібеков жайында бейнеролик тамашалап, өз ойларымен бөлісті.

«Ұлт мәдениетін ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply