Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» ой-пікір алаңының

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы М.Ғабдуллин атындағы №70 ЖББО мектебінің оқушыларына «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» ой-пікір алаңын өткізді.

Мақсаты: Жастардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Іс-шара аясында жасөспірімдер адал ұрпақтың ұғымын түсіндіріп, адамгершілік пен парасаттылықтың, әділдік, ар-ұяттың маңызына тоқталып, өз ойларын ашық жеткізді.Жастар түрлі жағдаяттарға өз ойларын қосып, сұрақтарға жауап берді. Оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы жаднама, парақшалар таратылды.

Арнайы тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, Шырайлым Құдасова библиографиялық шолу жасады.

Leave a Reply