Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тарихшы қаламгер – Мұхаммед Хайдар Дулати» тарихи-танымдық сағаты

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 9 қазан күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы әйгілі тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына 525 жыл толуына орай №47 ЖББО мектебінде «Тарихшы қаламгер – Мұхаммед Хайдар Дулати» тарихи-танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбектерін дәріптеу, оның әдеби мұрасымен таныстыру.

Шараға тарих пәнінің оқытушылары мен 8 класс оқушылары қатысты.

Шара аясында оқушыларды ұлы ойшылдың өмірі мен қызметі, шығармашылық мұрасы, еңбектері туралы мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. Тарих пәнінің оқытушысы Ақерке Шукиралина көректі ғалым жайында баяндама жасады.

«Мемлекеттік тұтастықты жақтаушы» кітап көрмесінде «Тарих-и Рашиди» атты әйгілі еңбектері және т.б. белгілі тарихшылардың ұлы ойшыл туралы зерттеулерімен таныстырды.

9 октября 2024 года в 11.00 часов областной юношеской библиотекой им.С. Жиенбаева был проведен историко-познавательный час «Тарихшы қаламгер – Мұхаммед Хайдар Дулати» в СОШ №47, посвященный 525-летию со дня рождения известного историка, литератора Мухаммеда Хайдара Дулати.

Цель: Популяризация работ Мухаммеда Хайдара Дулати, знакомство с его литературным наследием.

В мероприятии приняли участие преподаватели истории и учащиеся 8 класса.

В рамках мероприятия учащимся были представлены сведения о жизни и деятельности, творческом наследии, трудах великого мыслителя, продемонстрирован видеоролик. С докладом о выдающемся ученом выступила преподаватель истории Акерке Шукиралина.

Его знаменитые произведения «Тарих-и Рашиди» и другие были представлены на книжной выставке «Мемлекеттік тұтастықты жақтаушы», также представлены исследования известных историков о великом мыслителе.

Leave a Reply