Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Бәдізші» бейнелеу өнер студиясының ашылуы

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 8 қазан күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдердің шығармашылық шабытын дамытып, сурет салу өнерінің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін «Бәдізші» бейнелеу өнер студиясының ашылуын өткізді.

Жетекшісі: Қазақстан этнодизайнерлер одағының Ақтөбе облысы бойынша өкілдік жетекшісі Күмісқалиев Ардақ Жолдасұлы.

Мақсаты: Сурет салуды үйрену және өнердегі қабілеттерін шыңдау.

Кеш қонақтары: Кустубаева Сенім Темірбайқызы және Жұлдыз Қасқырбаева №31 қазақ орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі; Мурзалинова Гаухар Маратовна №40 орта мектеп мұғалімі; Идрисов Аслан Қуанышқалиұлы  №9 орта мектеп гимназиясында көркем еңбек пәні мұғалімі; Тургалиев Амандық Забитұлы қалалық көркемсурет лицейінің қолөнер шебері; Хайыржанова Гүлмира Амангельдиевна «Білім» мектеп гимназиясының көркем еңбек пәнінің оқытушысы; Аязбаева Гүлден Жайылхановна Шығармашылық академиясының оқытушысы; Задагүл Сатыбалдиева №6 мектептің көркем еңбек пәнәнің мұғалімі;

«Бәдізші» бейнелеу өнер студиясы әр сәрсенбі күні тегін сабақта балаларға, жастарға  әртүрлі жанрда және техникада сурет салуды үйретіп, өздерінің өнерге деген ерекше көзқарастарын қалыптастыра алады.

Шара барысында кітапхана оқырманы Аймұрат Тынықбаев қазақтың қара домбырасымен «Адай» күйін орындады. Сонымен қатар меймандар мен қатысушыларға арт терапия ойыны жүргізіліп, түрлі сауалдар қойылды. Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейінің  оқытушысы Амандық Забитұлы өзінің қолөнер жұмыстарын кітапханаға сыйға тартты. Іс-шара аясында алдағы уақытта жасалатын жоспарлар мен ұсыныстар талқыланып, білім мекемелерінің шеберлері өздерінің шеберлік сағаттарын жүргізетінін айтты.

8 октября 2024 года в 11.00 часов областной юношеской библиотекой им.С. Жиенбаева было проведено открытие студии изобразительного искусства «Бәдізші», которая позволит развить творческое вдохновение подростков и овладеть тонкостями искусства рисования.

         Руководитель: Руководитель представительства Союза этнодизайнеров Казахстана по Актюбинской области Кумискалиев Ардак Жолдасович.

         Гости вечера: Кустубаева Сенім Темірбайқызы и Қасқырбаева Жұлдыз
учителя рисования Казахской средней школы N31, Мурзалинова Гаухар Маратовна, учитель средней школы N40; Идрисов Аслан Қуанышқалиұлы – учитель рисования в гимназии N9 средней школы; Тургалиев Амандық Забитұлы, мастер городского художественного лицея; Хайыржанова Гульмира Амангельдиевна преподаватель художественного труда школьной гимназии «Білім»;Аязбаева Гулден Жайылхановна преподаватель Академии творчества; Задагуль Сатыбалдиева учитель художественного труда школы № 6;

         Студия изобразительного искусства «Бәдізші» каждую среду обучает детей и молодых людей рисованию в разных жанрах и техниках на бесплатном занятии, где они могут сформировать свой уникальный взгляд на искусство.

         В ходе мероприятия читатель библиотеки Аймурат Тыныкбаев исполнил кюй «Адай» на казахской домбре. Также гостям и участникам была проведена арт-терапия, были заданы различные вопросы. Преподаватель Актюбинского художественного лицея Амандык Забитұлы подарил библиотеке свои поделки. В рамках мероприятия были обсуждены планы и предложения, которые будут разрабатываться в дальнейшем, мастера учреждений образования проведут свои мастер-классы.

Leave a Reply