Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ақылдың кені – қариялар» қариялар мен жастардың кездесу кешінің

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 1 қазан күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы халықаралық қарттар күні мерекесіне орай демалыстағы зейнеткер әріптестермен «Ақылдың кені – қариялар» қариялар мен жастардың кездесу кеші өтті

Мақсаты: жастарға халқымыздың қадір-қасиетін, үлкенді сыйлай білуге, ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Кеш барысында кітапханада еңбек еткен қызметкерлерді мерекемен құттықтап, дастархан жайылып, қарттарға құрмет көрсетілді. Кітапханаға зор еңбек сіңірген, қадірлі қонақтарымыз Сағым Досымқызы, Татьяна Иванова, Бағдагүл Махамбеталиева, Алия Кенжеғазиева, Кенжалы Кемалов, Масаты Панина, Наталья Борисовна сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Кітапхана қызметкерлері ардагерлерге жылы лебіздерін айтып, сыйлықтар берді. Өз кезегінде қарттарымыз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты. Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері өлең шумақтарын арнап, тілектерін жолдады.

Leave a Reply