2024 жылдың 27 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 6655 әскери бөлімнің сарбаздарына Конституция күніне орай «Ата Заң – мәңгілік елдің берік тұғыры» патироттық кешін өткізді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Ата заңы туралы жастардың білімін кеңейту және таныстыру. Жастардың ойлау қабілетін арттыру, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту,.
Іс-шара Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. Шара аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы, филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Алдашев сөз сөйлеп, мемлекеттік мереке Конституция күнімен құттықтады. Одан әрі қарай қатысушылар ойынға 2 командаға бөлінді. Командалар ойынның шарттарына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Ойын барысында «Сұрақ-жауап», «Қазақ әдебиеті», «Құрап көр ойыны», «Хронологиялық кесте ойыны», «Әскери», «Шашу» бөлімдері бойынша сұрақтар қойылды. Ойын ережесі бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, дұрыс жауабын тапты. Кейбір сұрақтар команда ойыншылары үшін жеңіл болса, кейбір сұрақтар күрделі болып, шешуін таба алмады.
Шара соңында кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы барлық қатысушыларға ризашылығын белдіріп, естелікке суретке түсті.