Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Әкелік мектебіңнен тәлім аламын»

2024 жылдың 18 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашық аспан астында «Әкелер күніне» орай көпбалалы, отызға жуық баланы асырап алған, «Шашу» отбасылық ансамблінің жетекшісі, «Алаш арыстарының ізін жалғаушы» төсбелгісінің иегері Өмірхан Нариманұлы Жетесовпен  «Әкелік мектебіңнен тәлім аламын» кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру. Бала тәрбиесінде әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы түсінік беру.

Шара аясында өр қазақтың текті ұрпағы Өмірхан Нариманұлы балалары жайлы айтқанда тыңдарманның жүрегін қозғап, әдемі кеш әсем үнді домбыраның шанағынан төгілген мағынасы зор термемен жанданды. Сонымен бірге шараға «Белсенді өмір сүру орталығы» зейнеткерлері келіп, қонақ кәде сұраған кезде бөгелмей ауланы әсем әнге бөледі. «Бала тәрибесіндегі әкенің міндеті?»,   «Әке отбасындағы балалары үшін қандай үлгі-өнеге көрсетуі керек?» сынды сауалдар қойылып, пкірлерімен бөлісті.

«Әкеден асқан алып жоқ» тақырыбында кітап көрмесін жасақтап, көрмеге Жанат Нұрымқызы библиографиялық шолу жасады.