Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Үлгілі отбасының ұйытқысы» кездесу кешінің

2024 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық бірлестігімен бірлесе Отбасы күніне орай 90 жастағы отанасы Сағиева Тәрбия Алманқызымен «Үлгілі отбасының ұйытқысы» кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа отбасы құндылығын түсіндіру, отбасындағы тәрбиенің маңызы жайлы жастарға айтып жеткізу. Үлгілі отбасыларды құрмет тұту, келешек ұрпаққа өнеге ету.

Кеш барысында анамыз отбасылық құндылықтар жайында, өнегелі, тәрбиеге толы әңгімелерімен бөлісіп, келін мен ене байланысы жайлы және отбасындағы сақталу керек салт-дәстүрлер жайлы айтып берді.

«Отбасым – киелі шаңырағым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.

Шараға Нәзира Сәрсенбаевна Табелдинова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» төрайымы, Серғалиева Райгүл Ақтөреқызы «Қазақ аналары – дәстүрге жол»  төрайымының кеңесшісі, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының аналары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Leave a Reply