2022 жылдың 8 шілдесі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Шын дос – асыл қазына» атты сенім сағатын өткізді.
Мақсаты: жасөспірімдерге достық, адалдық, шындық туралы түсінік беру. Олардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін – бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік, қарапайымдылық ұғымдарын жастарға түсіндіріп, достық жайлы мақал-мәтел, нақыл сөздер айтылып, ситуациялық сұрақтар қойылды.
«Адалдық ардың ісі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд, бейнеролик көрсетілді.