2022 жылдың 4 қазаны күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №47 ЖББО мектебінде «Аңсар» ақпараттық-аналитикалық орталықтың теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлымен «Терроризм мен экстремизм қоғамға қауіпті» атты сұхбат-әңгіме өткізді.
Мақсаты: жасөспірімдерге жат ағымдардан сақтану жолдары турасында пікірлесіп, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру.
Шараға «Аңсар» ақпараттық-аналитикалық орталықтың теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы, №47 ЖББОМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұбатова Заура Жайлаубаевна, кітапханашы Қурманалина Ардақ және 8 класс оқушылары қатысты.
Шара барысында теолог маман Нұрлан Әділханұлы экстремизм, терроризмнің таралу себептері мен қоғамға қауіп төндіруші экстремистік топтардың негізгі мақсаттары мен белгілерін талқылады. Іс-шарада Алтынай Шүрен, Айгерім Садирбаева, Адемі Кенжетаева, Саян Қарағойшин сынды оқушылар діни экстремизмге байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенділіктерін көрсетті.
«Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Айнұр Нұрсайынқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд пен бейнеролик көрсетіліп, парақшалар мен жаднамалар таратылды.