2023 жылдың 22 қарашасы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-нарколог маманы Рысбекова Айдын Мұратқызымен «Нашақорлық қауіпті індет» тақырыбында сұхбат-кездесу өткізді.
Мақсаты: жасөспірімдерді санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу керегін түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Шараны кітапханашы Гүлнұр Ергенқызы жүргізіп, жас жеткіншектерге бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болыңыздар деп кеңес берді. Сондай-ақ дәрігер психиатр-нарколог маманы Айдын Мұратқызы салауатты өмір салтына шақырып, есірткіні қолданбау және нашақорлықпен байланысты қылмыстық істерге бармау керек екендігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар нашақорлық – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын және денсаулығына орасан зор қауіп төндіретіні туралы айтып өтті. Жастар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Шара аясында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Бейнеролик көрсетілді.