2023 жылдың 30 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жанынан Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы алғашқы креативті орталық ашылды.
Мақсаты: Өңіріміздегі жастарды біріктіре отырып, заманға сай еркін форматта жұмыс жасайтын креативті орталық болу. Жастардың білімін жетілдіруге бағыт-бағдар беру, оларға қолдау көрсету.
Орталықтың ашылуына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынасы және еңбекті қорғау бойынша басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, оқырмандар мен талантты жастар қатысты.
Кітапхана жанынан құрылған креативті орталықта IT, дыбыс жазу орталығы, дизайнерлер мен суретшілер шеберханасы, TIK-TOK, суретке түсу, бейне түсірілім алаңдары мен KOWORKING және т.б. шығармашылықпен айналысатын бөлмелер бар.