Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Дәстүрді дәріптеген абысындар» кездесу кеші

2024 жылдың 18 қазан күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе ІІІ –Республикалық «Абысын-ажын» байқауына қатысып, өнер көрсеткен Ақтөбе облысы «Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің филиал  мүшелері, «Байқазақ баба» әулетінің 4 келіндерімен «Дәстүрді дәріптеген абысындар» кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлау.

Кеш қонақтары: «Байқазақ баба» әулетінің 4 келіні Гүлхан Қартбаева, Гүлбаршын Бөлекбаева, Баянсулу Сержанова, Дамира Сәуірбаева.  

Кеш барысында ағайын арасындағы ынтымақты нығайтудағы, ене мен келіннің, абысын мен келіннің, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы татулығы мен сыйластығы жайында әңгімеледі. «Дәстүрге жол» жобасы аясында өңірімізде белсене ат салысып жүрген ақ жаулықты аналарымыз Шамсия Жақуқызы, Күлан Әбілдина «Абысын-ажын» байқауы туралы сөз қозғап, «Ырғыз» аналар тобы «Ән шашу» халық әнін орындаса, ал Баршагүл Омарбекова «Абысындар татулығы» әнін айтып берді.

Кеш соңында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Назира Сәрсембайқызы сөз алып, ардақты аналарға алғысын білдірді.

18 октября 2024 года в 11.00 часов Областная юношеская библиотека имени С.Жиенбаева совместно с республиканским общественным объединением «Қазақ аналары – дәстүрге жол» участвовала и выступала в III-республиканском конкурсе «Абысын-ажын», члены филиала общественного объединения «Қазақ аналары -дәстүрге жол» Актюбинской области, семья «Байқазақ баба» с 4 невестами провели встречу «Дәстүрді дәріптеген абысындар».

            Цель: Пропаганда наших национальных ценностей. Прославлять наши традиции и уважать наши обычаи.

            Гости вечера: 4 невестки семьи «Байқазақ баба» Гулхан Картбаева, Гулбаршын Болекбаева, Баянсулу Сержанова, Дамира Сауирбаева.

            В течение вечера рассказали об укреплении солидарности между братьями, мире и уважении между свекровью и невесткой, зятем и невесткой, невесткой и невесткой, а также золовкой. В рамках проекта «Дәстүрге жол» наши мамы Шамсия Жакуовна, Кулан Абилдина, активно выступающие в регионе, рассказали о конкурсе «Абысын-ажын», группа матерей «Ырғыз» исполнила народную песню «Ән шашу», а Баршагул Омарбекова исполнила песню «Абысындар татулығы».

            В завершение вечера Назира Сарсембаевна, председатель Актюбинского областного филиала общественного объединения «Қазақ аналары – дәстүрге жол», выразила благодарность уважаемым матерям.

 

Leave a Reply