18 шілде күні сағат 11.00 де Сағи Жиенбаевтың 90 жылдығы аясында «Табиғат жыршысы» поэзия сағаты өтті.
Шара қонақтары: Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» төрағасы Сергалина Рауза Сатымқызы; Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі Қалиева Жұмабике Шамшудинқызы.
Сағи Жиенбаев поэзиясында табиғаттың әсем әуені, Отанға деген сүйіспеншілік, мәңгілік махаббат тақырыбы, туған жерге сағыныш жыры суреттелген. Ақын өлеңдері өскелең ұрпақ үшін өшпес мұра. Шара барысында «Айсын» радио журналистика мектебінің оқушылары мен кітапхананың жас мамандары Сағи Жиенбаев лирикасынан өлеңдер оқыды.
Ақынның жастық шағы, шығармашылығы туралы бейнеролик тамашаланды. «Сағи әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.