2024 жылдың 20 қаңтары күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» жобасының республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісовамен «Қыз қылығымен…» атты тренинг өтті.
Мақсаты: ұлттық бірегейлікті, бірлікті, салт-дәстүрімізді насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Тренинг ерекше форматта өтті. Кеш барысында «Қыз қылығы», «Отбасы», «Адам бойндағы қасиеттер» және «Қыз тағдыры» деген тақырыптар қозғалып, «Жасырмалы салт-дәстүр» ойыны ұйымдастырылды. Сонымен қатар отбасылық құндылықтар, қазақ кимешегінің қасиеті, әйел ананың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, рухани дамуы туралы айтылды.
Шараға тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.