2022 жылдың 29 қазаны күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Ақтөбе филиалымен бірлесіп «ALASHA ART» өнер орталығының жетекшісі, этнограф, киіз үй танушы, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Бұлбұл Кәпқызымен кездесу кешін өткізді.
Мақсаты:Жастар арасында қолөнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттау. Ұлттық бірегейлікті сақтау жолындадәстүрді ұлықтап, жас ұрпақтың бойына сіңіру, дұрыс тәрбие беру.
Кеш барысында Бұлбұл Кәпқызы ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз, қолөнеріміз, жалпы ою-өрнектің қазақтың дүниетанымында алар орны жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар өзінің шығармашылық шеберлігін көрсетіп, ою ойып, тұскиіз тоқудың технологиясына да тоқталып өтті. Кездесу кешіне келген көрермендер, оқырмандар ұлттық дәстүрлер, құндылықтар жайлы сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мағлұмат алды.
Шара барысында «Қолөнер – сырлы өнер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Гүлнұр Ергенқызы көрмеге библиографиялық шолу жасады. Этнограф Бұлбұл Кәпқызының өмірбаяны, жеткен жетістіктері жайында бейнебаян, слайд көрсетілді.