Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Өнер. Талант. Бақ»

2024 жылдың 25 сәуірі күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы танымал әнші, сазгер Нұркен Жалғасбай мен айтыскер ақын, қазіргі кездегі хит әндердің авторы Оразбек Қиынбаевпен «Өнер. Талант. Бақ» кездесу сұхбатын өткізді.

  Мақсаты: Талантты жастардың шығармашылығын таныту, жас толқынға үлгі ету. Жетістікке жеткен істерімен таныстырып, қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау. Ел  арасындағы  таланттарды  танып, олардың  шығармашылық  ізденісін  ұлғайту.

Сұхбат аясында жастарға өнерді жанына серік еткен Нұркен мен Оразбек  өмір жолы туралы айта отырып, басынан кешкен қызықты естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар жастар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастырады. Кездесуге келген қонақтармен  әртүрлі ойындар ойнатылды. Нұркен Жалғасбай «Сынақ», «Гүл сезім» т.б.әндерді шырқады. Іс-шара соңында кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Алтынгүл Асқарқызы жастармен кездесіп, рухани демалыс сыйлағаны үшін алғыс айтып, естелікке сыйлық тарту етті. Колледж студенттері мен оқырмандар өнерпаздарымыздың орындаған туындыларға тәнті болып, ризашылықтарын білдірді.

Шарада «Өнер таңдап қонатын бақ» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Кеш соңы естелікке суретке түсумен жалғасын тапты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС