2023 жылдың 11 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде қазақтың ханы Әбілқайыр ханға 330 жыл толуына орай «Ұлт көшбасшысы – Әбілқайыр хан» атты тарихи сағатын өткізді.
Мақсаты: Кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан туралы мәлімет беру. Тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Лаура Ерікқызы Әбілқайыр хандығының құрылуы, оның тарихымен таныстырды. Колледж студенттерімен «Ұяшық» ойынын ойнап, батырлар туралы өлеңдер мен нақыл сөздер оқып, мақал-мәтелдер айтты. Жастар сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
«Қазақтың бас ханы – Әбілқайыр» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиграфиялық шолу жасалды. Әбілқайыр хан туралы бейнеролик тамашалады.