2023 жылдың 26 сәуірі күні сағат 12.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының достығы күніне орай ZOOM платформасында «Туған жерім – бесігім» атты шет елдердегі отандастар Орынбор қаласы, Татарстан республикасы, Бішкек қаласымен онлайн кездесу өткізді.
Мақсаты: Жастарға халықтар достастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты ұялату, ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Кітапханалар мен кітапханашылар арасында қызықты идеялары мен іс-тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымастықты дамыту. Кітапты насихаттау.
Шараға Бішкек қаласындағы орталық кітапхана жүйесінің директоры Дандыбаева Кулсайра Джощбаевна, Ресей Федерациясының Орынбор қаласындағы «Қазақ тілі» халықаралық орталығы үкіметінің төрағасы Таикешова Сауле Совхозовна, Татарстан Республикасы Нижнекамск қаласындағы Габдулла Тукай атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Файзулдинова Анфиса Зиннуровна және «Оксана» украиндардың этномәдени орталығының жетекшісі Моисеенко Валентина Михайловна мен «Оксана» украиндардың этномәдени орталығының солисті Нешко Любовь Григорьевна; Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында кітапхананың бөлім меңгерушісі Шынара Манарбекқызы әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнері, мәдениеті, кітапхана туралы мәлімет беріп, шекаралас елдердің арасындағы достық пен ынтымақтастық нығая берсін деді. Сонымен бірге шараға қатысушылар сөз алып, өз елдеріндегі кітапханада жасалған жұмыстарын, алға қойған жоспарларымен бөлісті. «Оксана» украиндардың этномәдени орталығының солисттері «Распрягайте, хлопци, кони» мен «Неси Галя воду», «Бипыл» әндерін айтып берді. Оқырмандар сұрақтар қойып, тұщымды жауап ала алды.
«Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Динара Мырзабаевна библиографиялық шолу жүргізілді. Халықтар бірлігінде тақырыбында слайд көрсетілді.