Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Терроризммен күрестің бір тетігі – ұлттық тәрбие» теолог маманымен кездесудің

2024 жылдың 16 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Аңсар» ақпараттық орталығының теолог маманы Саматов Сапар Саматұлымен «Терроризммен күрестің тетігі – ұлттық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты: Терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері мен зардаптарын ұғындыру.

Іс-шара аясында «Аңсар» ақпараттық орталығының теолог маманы Сапар Саматұлы жалпы дінтану мәселелері, әлемдік және дәстүрлі діндер жайында түсіндіре отырып, ұлттық құндылықтарға тоқталды. Мейірімділік пен ізгілік, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру жат ағымдарға тосқауыл болатынын еске салды. Шарада оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарына  жауап алды. Сонымен бірге ақпараттық парақшалар таратылды.

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қазақ әдебиеті мен дәстүр залында жексенбі сайын сағат 12.00-14.00 аралығында, оқырмандарға арналып «Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыр сағаты» өтіп тұрады.

 Жас жыршыларға ғұлама шайыр Кердері Әбубәкір және «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Әділбек Сарин өзінің дін, әдет-ғұрып, имандылық, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, адами қадір-қасиеті туралы шығармаларының жанрлық-тақырыптық ерекшеліктеріне тоқталып, үйретеді.

Кітапхана діни кітаптармен толықтырылған жоқ.

Leave a Reply