Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тарихтың қасіретті беттері» ақпараттық сағаттың

2024 жылдың 23 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Невада-Семей полигонының жабылуына 35 жыл толуына орай «Тарихтың қасіретті беттері» ақпараттық сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқырмандарға ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. «Невада – Семей»азаматтық қозғалысы жайында, құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру. Ақпараттық сағат барысында кітапхана қызметкері Жанат Нұрымқызы Семей ядролық сынақ полигонының тарихи сипаты мен халыққа әсер етуінің туындауы оның зардаптары туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқырмандарға Семей полигонының жабылуына мұрындық болған қозғалыс хақында, қазақ елінің басынан өткерген қасіреті ядролық сынақ жөнінде жазылған кітаптар және мерзімді басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.

Leave a Reply