Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сыр сандық» танымдық сағатының  АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 2 тамыз күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы HEADTEACH білім беру орталығында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сыр сандық» сағатын өткізді.

Мақсаты: Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту. Кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

Шара аясында кітапхана қызметкерлері Лаура Ерікқызы мен Аяжан Темурланқызы балаларға арналған әдебиеттерді таныстырып, қызықты ойындар ойнатты. Балаларға жұмбақтар мен ребустарды бірге табу ұнады. Оқушыларға кітапхана туралы бейне шолуын ұсынып, кітапханаға онлайн саяхат жасалды. Сонымен бірге балалар өздерінің оқыған сүйікті шығармалары  мен ертегілері жайында өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар саны-28.

Leave a Reply