2023 жылдың 7 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» клубының мүшелерімен бірге Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледжінде 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты денсаулық сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Іс-шараны жүргізген Гүлнұр Ергенқызы денсаулық, спортпен шұғылданып, пайдалы тағамдарды көбірек жеу қажеттігін балаларға айтып берді. Сондай-ақ шара барысында түрлі сергіту жаттығуларын жасап, «Доп шеңберінде», «Мақалдың жалғасын тап» ойындарын ойнатты.
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.