Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сатираның сарбазы» атты өңіріміздегі сатирикпен кездесу кеші

2024 жылдың 14 тамыз күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қазақ ақыны, сықақшы Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай «Сатираның сарбазы» тақырыбында өңір сатиригімен кездесу өткізді. 

Аталмыш шара қонағы ҚР мәдениет қайраткері, «Екі езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан және театр әртістері.    

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ әдебиетінің жанашыры, сатира саласының саңлағы Шона Смаханұлының  өмірі мен шығармаларын насихаттау.

Шона Смаханұлы  60-қа жуық кітаптың авторы, қазақ сатирасында өзіндік  қолтаңбасын қалдырған ана тілінің арашашысы. Ол 120 әнге төгілтіп өлең жазған өрісі кең, өрелі ақын.

Рухани кеш барысында қаламгер Шона Смаханұлы туралы деректер айтылып, кеш қонағы Нұрлыбек Хайруллаұлымен сұхбат жүргізілді. Сергіту сәтінде әзілді викториналық ойындар ойнатылып, сатира театрының әзілкештері монолог оқыды. Оқырмандар жазушының шығармаларынан үзінді оқып, барша көрермен Шона Смаханұлының сөзіне жазылған «Анамның тілі» әнін орындады. Сонымен қатар сатира жанры, қазақ сатирасында дәстүр жалғастығы жайында сөз етіп, қонақкәдеге Нұрлыбек Хайруллаұлы өзінің әндерін орындады.

«Күлкі – өлмес елдің өшпес күші» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Сандуғаш Егізбаева библиографиялық шолу жасады. Қатысушылар саны-43.

Leave a Reply