2024 жылдың 17 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» кітапханалық журфикс өткізді.
Мақсаты: мәдениет және оның қоғамдағы маңызы, материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру. Мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына үлес қосқан, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау жолында аянбай еңбек еткен қызметкерлерді таныту.
Кеш қонақтары: Есенкожиева Гулзия Бисенбайқызы – Облыстық планетарий бөлім меңгерушісі; Алпысбаева Толғанай Өміржанқызы – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.
Кеш аясында қонақтар мамандықтары, алғашқы ұжым, алғашқы жұмыстары жайында әңгімелеп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сергіту сәтінде «Әріппен әңгімелесу», «Досыңа қоңырау шал» т.б. ойындар ойнатылды. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледжінің студенттері өлең оқыды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Жоғары колледжінің студенттері мен оқырмандар, кітапханашылар қатысты.