2024 жылдың 6 қыркүйек күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында Отбасы күніне орай оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен «Менің отбасым – менің мақтанышым» тренингін өткізді.
Мақсаты: ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Балалар ата-аналарына өлең арнап, отбасылық дағдыларымен бөлісті. Тренингке қатысушы ата-аналар түрлі жағдаяттарға жауап беріп, ой-пікір алмасты.
Арнайы тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында мектеп директоры Бек Аманұлы кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.