2024 жылдың 27 ақпаны күні сағат 11.00-де С.жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Әділжан Ұзақбаймен «Жат ағымнан аулақ бол!» атты ақпараттық сағаты өтті.
Мақсаты: қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндіру.
Ақпараттық сағат барысында теолог маманы Әділжан Ұзақбай діни экстремизм мен терроризм туралы ақпарат беріп, деструктивті діни ағымды ұстанушы адамдардың сипаты мен белгілері, оның салдары жөнінде айтып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар кітапхана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.