Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Абай әлем әдебиетінде» Абай оқуларының

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 9 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұлы ақын Абай Құананбаевтың туған күніне орай Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығымен бірлесе «Абай әлем әдебиетінде» Абай оқуларын өткізді.

Мақсаты: Жастар арасында хакім Абай мұрасын дәріптеу және олардың әдеби тағылымын қалыптастыру.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері қазақ әдебиетінің кемеңгері Абай Құнанбаев жайында қызықты деректер келтіре отырып, балаларға мәлімет берді. Балалар ақынның мұрасымен танысып, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Сонымен қатар сергіту сәтінде ақын шығармалары жасырылған сөзжұмбақ пен фотожұмбақ ойыны ойнатылды.

«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Қатысушылар саны – 16.

Leave a Reply