Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары» әдеби-танымдық кештің

АҚПАРАТЫ

2024 жылдың 6 тамыз күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары» әдеби-танымдық кешін өткізді.

Мақсаты: Абайдың рухани құндылықтарын, қазақтың ұлы ақынының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.

Іс-шара аясында кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет бере отырып, ақынның өнер-білімге шақырған және табиғат лирикасы туралы жазған өлеңдеріне, қара сөздерінің маңызына тоқталып өтті. Жастар ұлы Абайдың терең мағыналы қара сөздері мен өлеңдерін оқып, көрермендер арасында «Сұрақ-жауап» ойыны ойнатылды. Сонымен бірге Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімі оркестрінің аға маманы Асылбек Жарылқап «Көзімнің қарасы»әнін орындаса, ал оқушылар әдеби караокеде «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. әндерін шырқады.

Кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде қара сөздің хас шебері Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылды. Шараға «Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушылары, Ақтөбе қаласының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы мен кітапхана оқырмандары қатысты.  Қатысушылар саны – 45.

Leave a Reply