Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Өшпейтін мәңгі дара жол»

2023 жылдың 13 ақпаны күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебімен бірлесе Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Өшпейтін мәңгі дара жол» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу;

Кеш қонақтары: Ауған соғысының ардагерлері Галеев Гумер Абдулвалиевич; Бердіғалиев Жонысқали Кузаирович; Зайнеденов Нурлан Альмуратович; Мурсалимов Ермекбай Жеткеншикович; Габдрахманов Елемес Еламанович;

Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері естен кетпес еоқиғаларын айтып, жастар ардагерлерге көптеген сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әскери-техникалық мектебінің сарбаздары ерлік туралы ән орындады.

Шараға арнайы кітап  көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Азатгүл Жасұланқызы библиографиялық шолу жасады. Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады. Кеш аяқталған соң жастар құрметті қонақтармен естелікке суретке түсті.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС