Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлтын ардақтаған ұлт жанды тұлға»

2023 жылдың 7 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай  «Ұлтын ардақтаған ұлт жанды тұлға» атты тарихи кешін өткізді.

Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов есімін, ел үшін жасаған ерен еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.

Кеш қонақтары: Өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай және Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ажигалиева Жанаргүл Нұрдәулетқызы, Сарбаев Думан Дәулетұлы, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Шалманова Әлия Бақытжанқызы.

Шара барысында өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай Темірбек Жүргеновтің  көптеген  ірі  қызметтерді атқарғандығын және қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысқандығы жөнінде айтып өтті. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкері Думан Дәулетұлы мен Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Әлия Бақытжанқызы Темірбек Жүргенов жайлы деректерден баяндама оқыды. Шараға қатысқан оқушыларға Темірбек Жүргенов жайында көптеген мағұлматтар берді. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. №4 орта мектебінің оқушысы Миржан Сағымбай қазақтың қара бомбырасымен күй тартты.Тақырыпқа сай слайд көрсетілді және «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты деректі фильмді тамашалады.

Тарихи кеште «Жүргенов әдебиет жанашыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесіне баспасөз басылымдарының газет-журналдары және  «Темірбек Жүргенов: Зерттеулер, мақалалар, естеліктер мен арнау, жыр-толғаулар» кітабы, Ырғыз ауданының энциклопедиясы т.б кітаптар қойылып, кітапханашы Азатгүл Жасұланқызы библиографиялық шолу жасады. Шараға №36 орта мектебі, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ, №4 орта мектебінің оқушылары, оқырмандар мен кітапханашылар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС