2022 жылдың 17 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Құқықтық тәрбие отбасынан басталады» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу, өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін еріксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Мемлекетіміздің заңдарына бағына отырып, оны құрметтеп, жауапкершілік сезімдерін арттыруға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге қатысқандар: Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы – Үбішов Тимур Жұбанышұлы; «Дарын» мектебінің психолог маманы – Утепбергенова Жумагуль Амангельдиевна; №30 қазақ орта мектебінің құқық пәні мұғалімі – Ботакөз Сейілханқызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспаірімдер кітапханасының директоры – Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.
Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдерге адам құқығы жөнінде толық мағұлмат берді. Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімнің басшысы Тимур Жұбанышұлы: «Адам құқығы – адамзаттың басты игілігі және адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық» екенін түсіндіріп өтті. Жастар адамгершілік, адам өмірі мен құқығы туралы сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастырды.
Шара барысында «Адам құқығы басты құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға №36 орта мектебі, №30 орта мектебінің оқушылары мен оқырмандар қатысты.